newstaraz.kz

 
 

Алматылықтар президентті қорғап митингке шықты


pogudx322hfreppjv.ebec952c
  01.06.2016 NewsTaraz.kz.
Наразылық акциясына қатысушылар. Фото: Азаттық

«Халықты баспанамен қамтамасыз етейік» қоғамдық ұйымының ипотекалық несиеге үй алған өкілдері бүгін Алматыда АҚШ бас консулдығының алдында наразылық акциясын өткізді. Несие алғандар акциясын «Президентті қорғаймыз» деп атады.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Наразылық танытушылардың айтуынша, Қазақстанда «жерге қатысты митингілерден» соң АҚШ-та осы айда америкада тұратын қазақтар көшеге шығып қарсылық танытып, Қазақстанда жерді сатпауға шақырған.

«Халықты баспанамен қамтамасыз етейік» ұйымының мүшелері АҚШ-тағы наразылық акциясын «АҚШ-тың Қазақстанның ішкі ісіне араласуы» деп білетінін айтты.

«Егер АҚШ қандай да бір елдің үкіметіне қызығушылық таныта бастаса, онда ол елде ұзамай бей-берекетсіздік пен тәртіпсіздік басталатыны бесенеден белгілі. Біз елімізде мұндай болғанын қаламаймыз. Біз бұл акцияларға қарсымыз», — деді ұйым өкілі Жанна Садықова.

Несие алғандар Қазақстан әнұранын айтып, консулдық алдына АҚШ-та қарсылық танытқандардың жазуы бар плакатын, суреттердің көшірмесін қалдырып кетті.

Жиналғандарға шыққан АҚШ бас консулдығының қызметкері Рысбек Қасымбала акцияны бақылап тұрды. Наразылық танытқандар бұдан соң АҚШ билігіне әлдебір үндеу тапсырды.

Наразылық акциясын полиция бақылап тұрды. Акцияға қатысушыларға ескерту, немесе тарау туралы бұйрық берілмеді.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz