newstaraz.kz

 
 

Алматыда газға қосылу екі есеге арзандады


2016031716195538341_9acac8030beba94d9983c38b1ab8a566
  17.03.2016 NewsTaraz.kz.

Газбен қамтамасыз етуші мекеме 1 мыңға жуық қала тұрғынына газ желісіне лизинг бойынша қосылуға мүмкіндік береді.

 

 

Газ жүйесіне қосылу бағасы екі есеге дейін арзандады. Оның құны 190 мың теңгеге тең болды. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

«Бұл тариф қаламыздың Алатау және Наурызбай ауданына ғана қатысты бекітіліп отыр. Осылайша газ желісіне қосылу тарифі 1 наурыздан бастап жалпы қала бағасымен теңестірілді. Ал бұған дейін қалаға қосылған аумақтарда газ құбырын тарту құны 300-600 мың теңге көлемінде болатын», — делінген хабарламада.

Қазіргі кезде Алатау және Наурызбай аудандарындағы 700-ге жуық тұрғын үй газ желісіне қосылмаған. Бірінші, екінші топтағы мүгедектер және Ауған соғысының ардагерлері 30 пайыз, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар 50 пайыз жеңілдікпен газ желісіне қосыла алады. Ал Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін газ жүйесіне қосылу тегін.

«Бостандық ауданындағы газдандырылмаған 375 тұрғын үйге газ құбырын тарту шамамен — 320 мың теңге болады. Бұл сома жергілікті газ бөліп тарату жүйесінің ерекшелігіне тікелей байланысты болып отыр. Өйткені үйлерге көгілдір отын келіп тұру үшін ауданға қосымша газ жабдығын орнату қажет», — делінген хабарламада.

Газбен қамтамасыз етуші мекеме 1 мыңға жуық қала тұрғынына газ желісіне лизинг бойынша қосылуға мүмкіндік береді.

Фото:www.omsk.aif.ru

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz