newstaraz.kz

 
 

Алматыда апатқа ұшыраған автобустағы жүкті әйелдің бет-жүзінің сау тамтығы қалмаған


pogudx626i80uc2ds.3b8f893e
  10.08.2016 NewsTaraz.kz.
КТК арнасынан кадр

Алматыда өткен аптада апатқа ұшыраған автобустағы жүкті әйелдің бет жүзінің сау тамтығы қалмағаны белгілі болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Әйелдің шекесі айырылып, түрі кісі шошырлық жағдайда. Одан қалды, іштегі баласы да түсіп қалуы мүмкін. Бірақ дәрігерлер оның жағдайы тәуір деген еді. Ал келіншек апатқа жүргізушінің кінәлі екенін айтып отыр. Оның сөзінше, бұған дейін болған оқиғаны басқа көліктерден көріп келген жігіт автобусты аяғын сыртқа шығарып айдаған көрінеді.

Гүлзира Қырықбаева бір жетіден бері орнынан қозғала алар емес. Аяғы ауыр келіншек автобустың кесірінен осындай жағдайға жеткен.

«Мен көрдім ғой.  Оның қолыңда телефон, ол туннелге кіріп келе жатқанда жолаушы апайдың бірі айғай салды. «Телефонды таста» деп.  Оның бір аяғын терезеден шығарып отырғанын бәрі көрді. Растай алады», — дейді Гүлзира Қырықбаева.

Аяғын автобустан шығарып айдаған жүргізушінің кесірінен енді оның іштегі сәбиіне қауіп төніп тұр екен. Ал өзінің бет жүзі кісішошырлық жағдайға жеткен. Автобус апатынан маңдай терісі айырылып түсіпті. Жүкті әйелінің жайынан әлі есін жимаған Дастан жүгенсіз жүргізуші мен автопарк басшысын жазасыз қалдырмауды сұрап отыр.

«Бір-бірімен автобустар жарысып жүреді. Мал алып келе жатқан сияқты. Үйде  балаларым сұрайды «мама қайда ?» деп. Басшылығы мен жүргізушіні жауапқа тартсын», — дейді Дастан Онбесбаев.

Сөйтсе, автопарк басшылығы зардап шеккен жүкті жолаушының жағдайын да сұрап келмеген екен. Гүлзира Қырықбаева отырған автобус өткен аптада Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысында бетон қабырғаға соғылған. Ал жүргізуші болған жайттты басқа көліктерден көрген болатын.

«Жарысып ондай ештеңе болған жоқ. Кішкене кезімнен автобуста кондуктор болып істедім. Рөлде көптен бері келемін», — деп ақталды автобус жүргізушісі Әкімжан Шәмиев.

Ал автопарк басшылығы жүргізуші жұмыстан қуылады дегенімен, өздеріне шаң жуытпай отыр. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі деп те айтты. Бірақ, жарақат алған жүкті жолаушының жағдайын білмек түгілі, ауруханада жатқанынан да хабарсыз болып шықты.

Ал терезеден аяғын шығарды дегенге автопарк басшылығы сол күйі сенген жоқ. Айтуынша, жолаушының айтып отырғаны өтірік екен. Енді оқиғаның анық-қанығын тергеушілер анықтайтын болады.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz