newstaraz.kz

 
 

Алматы облысында жалақысын ала алмаған жұмысшылар компания басшыларын таппай қалды


pogudx4r4dm2ab1bg.c77cb936
  26.02.2016 NewsTaraz.kz.

Алматы облысында өткен жылдың еңбекақыларын ала алмай жүрген 30 жұмысшы өздері қызмет еткен компания мен оның басшыларын іздеп жүр.

Айтуларынша, «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тас жолын төсеу жұмыстарына қатысып, жүк көліктерін жүргізген.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

2015 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеген азаматтар бірнеше айдың ақысын бермеген соң келісімшартты бұзған. Жалақы беруден жалтарған компанияны сотқа да берген олар, бүгін тағы жиналды.

Отыз жұмысшы өздері жүргізген жүк көліктері қаңтарылған тұрақ маңына жиналды. Айтуларынша, берешек компания бұл техникаларды өзге фирмадан жалға алған. Жалдау ақысын төлемегендіктен көліктерді қайтарып алып, тұраққа қойыпты.

Қаздай тізілген көліктер «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» дәлізінің ұзындығы 110 шақырымнан асатын Байсерке-Шелек бөлігін төсеуге жұмыс істеген. Ал оларды жүргізген қырыққа жуық азаматтың әр қайсысына фирма орта есеппен 400 мың теңгеден қарыз екен.

«Күзден бастап соттаса бастадық бұл фирмамен. Сотта жеңіп шықтық. Содан бері міне, сот январьда бітсе, шығарып бергелі ешқандай хабар жоқ. Бастықтар бізбен сөйлеспейді», — дейді «Гранд Стил» ЖШС-нің бұрынғы жұмысшысы Нұржан Мантайұлы.

«Гранд Стил» серіктестігінің басшыларымен тілдесуге біз де талпынып көрдік, нәтиже болмады. Ал фирманың есепшісіне қоңырау шалғанымызда бірнеше ай еңбекақысын ала алмаған соң жұмыстан кеткенін айтты. Тиісті ақшаларын даулаған жұмысшылар бір-бір отбасының асыраушысы. Олардың ендігі үміті — сот шешімінің орындалуы. Алайда екі ай бұрын шыққан шешім де орындалуға асығар емес.

«Бастықтары да жоқ, сот орындаушылардан да хабар жоқ. Өзіңіз көргендей шулап жүрген жігіттер, міне. Барлығының басында қарызы бар. Біреуі баласын оқыта алмай отыр, біреуі баласына киім алып бере алмай отыр. Қыстың көзі қырауда, міне. Төрт айдың еңбегін берген жоқ», — дейді «Гранд Стил» ЖШС-нің бұрынғы жұмысшысы Айдын Бекесім.

«Маған 360 мың қарыз. Негізі 450 болған, содан қысқарып соттың шешімімен 360-тай шығарыпты. Соны алсақ та, бала-шағамызға нәпақа болады ғой. Студенттеріміз бар, кредиттеріміз бар, кредитке бастан асып қарыз болып кеттік. Олар да звондап-звондап болды. Олар мені сотқа беріп жатыр», — дейді  «Гранд Стил» ЖШС-нің бұрынғы жұмысшысы Оралбек Шалғынбеков.

Жұмысшыларына жалақысын бермей жүрген компанияның сот шешімі арқылы шыққан берешегі 12 миллион теңгеден асқан. Ал шешімнің жүзеге асуын қадалауы тиіс сот орындаушысы да істі созып келеді дейді жиналғандар. Қолдарына соттың шешімін ұстап, айлықтарын ала алмай жүрген азаматтардың әлі қанша жүрері белгісіз.

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz