newstaraz.kz

 
 

Алматы облысында 11 жастағы бала соқыр ішегіне жасалған отадан кейін, жарымжан болып қалған


pogudx79dgaj7vuck.0123bdf3
  12.10.2016 NewsTaraz.kz.
Бағдәулет. Скриншот 31 арна

Алматы облысында 11 жастағы бала соқыр ішегіне жасалған отадан кейін, жағдайы күрт нашарлап, жарымжан болып қалған. Ата-анасы дәрігерлерді айыптаса, дәрігерлер қолдан келгенді жасадық деп ақталады.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

11 жастағы Бағдәулеттің бала арманы асыр салып ойнау, қатарларымен бірге мектепке бару, ең ақыры, кішкене інісін құшақтап сүю. Бір жыл бұрын соқырішегіне ота жасалып, арты үлкен жан қиналысына ұласыпты. Ішек жолдары бүлініп, дәретке отыру мұң болған. Қазір бүйіріндегі арнайы қапшыққа үлкен дәреті жиналады.

«Ойнағым келеді деп жылайды. Менің жаныма бәрі батады. Күн бұлтта шырылдағанда жанымды қоярға жер таппаймын. Анальгин, димедрол саламын, кетанаф беремін. Шамамның келгені сол», — дейді Бағдәулеттің анасы Әтіргүл Тұрсынбекқызы.

Бағдәулет — көп балалы отбасында екінші бала. Ең кішісі бір жасар. Бір жылдан бері әкесі жұмыссыз, анасы ел аралап көмек сұрайды. Тапқаны — дәрі-дәрмекке. Бағдәулетке бір күнде 20-30 мың теңге жұмсалады екен. Ал отбасының жағдайы тым нашар. Кез келген көмекке мұқтаж.

«Түнімен ұйқы жоқ. Не істеймін? Бір Алланың қолында екенін түсіндім. Бірақ жалындым, аман алып қалыңдаршы осы баламды деп», — дейді Бағдәулеттің әкесі Қуаныш Сейсебаев.

Науқас баланың ауруы анықталмай ұзақ уақыт кетіпті. Сондықтан біресе жұқпалы аурулар ауруханасына, біресе облыстық балалар ауруханасына жөнелтілген. Ең соңында республикалық педиатрия институты мамандары ота жасап, баланың бүйірінен дәрет шығатын саңылау жасапты. Алғашқы ота жасаған аудандық аурухана мамандары қолдан келгенді істедік дейді.

«Баланың жағдайы жақсарар деген үміттеміз. Қазір үлкен дәретке бару, терісі бүліну сияқты қолайсыздықтар бар. Егер біз білмеген, түсінбеген жайт болса, науқасты бірден облыстық ауруханаға жөнелтеміз. Бұл жолы да біздің дәрігерлер солай шешті», — дейді  Қарасай аудандық ауруханасының Хирургия бөлімінің меңгерушісі Максим Стадников.

Сырқаты асқынған Бағдаулет Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 3 рет жатқан. Ата-анасының айтуынша, ол жерден де науқастың диагнозын дәл қоятын маман табылмапты. Бүгін де емдеу мекемесінен тілшілермен тілдесетін ешқандай құлық байқалмады. Ал баласы үшін бәйек болған ана Бағдаулеттің келесі отасына құжаттарын әзірлеп жатыр.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz