newstaraz.kz

 
 

Қабдеш Жұмаділов: Ешкімнің әкесінен қалған мемлекет жоқ


pogudx7vid8m4li9n.493fef50
  30.06.2016 NewsTaraz.kz.

Бірер күн бұрын Алматыдағы «Астана» қонақ үйінде «Қазақтың тілі мен тарихына» қатысты қоғамдық талқылау өтті. Жиынға қатысқан жазушы Қабдеш Жұмаділов қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан тіл, тарих, жер мәселелеріне қатысты ойын ортаға салды деп хабарлайды ult.kz.

«Ұлтты жою саясаты жоспарлы түрде іске асып жатыр. Ұлттың жаны бар. Ал оны құртудың бірнеше тетігі бар. Соның бірі – жер. Жерден айырылған ұлт жойылады. Тағы бірі – тіл. «Сөзі жоғалған ұлттың өзі жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтып кетті. Үшінші мәселе – тарих. Тарих халықтың – жады, зердесі. Оған кесір тисе, ұлтты ұстап тұратын ештеңе қалмайды», — деп сөзін бастады жазушы.

Жұмаділдаев тәуелсіздік алғалы бері елімізде 18 министр ауысқанын сөз етті.

«Бізде тәуелсіздік алғалы бері 18 министр ауысыпты. Сонда оқу-ағартудан кеткен кемшілікті, олқылықты кімнен сұраймыз? Ешкім де жауап бермейді. Бәрін бүлдіріп алады да, Сағадиев те кетеді ертең. Кінәнің бәрін өзіне арқалатады да, қоя береді. Әрқайсысы бір-бір реформамен келеді. Мектепте үш тілде оқыту – балалардың басын шіріту. Бізге ұлтты жоюдың программасын жасап бергендей біреулер. Соны біртіндеп іске асырып келе жатырмыз. Мектептеріміз Кеңес одағынан кейін керемет дамып кетті деп айта алмаймыз. Сол кездегі ғылымды сақтай алдық па? Баяғы Ғылым академиясы қайда?», — деп күйінді ол.

Жазушы пәндерді бір-біріне қосу идеясын да сынға алды.

«Пәндерді бір-біріне қосу деген — не деген сұмдық? Мен өзім қазақ тілі мен әдебиетінің маманымын. Әдебиет деген қоғамдық пән, ал тіл деген нақты ғылымдардың бірі. Маматематика қандай болса, тіл ғылымы да сондай. Екеуін қалай қосып оқытуға болады? Ал енді тарихымызға қатысты. Осы жерде жоғарғы мектептің өкілдері отыр. Алғашында 91-жылдан бергі тарихты оқытамыз деді. Одан біраз шу туындағаннан кейін, қазан революциясынан бергі тарихты оқытатын болыпты. Кішкене кеңіткен түрі. Онда ар жағындағы қазақ тарихы қайда қалады? Тарихымызды енді-енді біліп келе жатқанда, қысқартып тастасақ не болады?», — деп сұрақтарын жаудырды Жұмаділдаев.

«Былтыр ғана қазақ хандығының 500 жылдығын өткіздік. Оның алдында басқаша сайрағанбыз. Бізде хандық та, мемлекет те, шекара да болған жоқ деп. Оны мынау мысықтілеулі көршілеріміз іліп әкетіп, әрі қарай шуылдап бара жатқаннан кейін, басу үшін хандықты тойладық. Онда да Астанада не Алматыда емес, сонау Жамбыл жеріне апарып шала-пұла өткіздік. Тарихымыз мынау, тілдің дауы алдарыңызда. Ал қазақтың жері саудаға түссе, шетелдіктердің қолына өтсе, онда қазақтың шындығы біткені, қыл мойынға тақалғаны. Ешкімнің әкесінен қалған мемлекет жоқ. Мемлекет – ешкімнің меншігі емес. Жер де ешкімнің жеке дүниесі емес. Жердің иесі өзгерсе, киесі де өзгереді. Қасиеті де жоғалады», — деді жазушы.

Айта кетсек, жиында қоғам белсенділері үштілділік реформасының ұлтты жоюға бағытталғанын ашық айтып, өз қарсылықтарын білдірді. Сондай-ақ, Білім министрлігінің өкілдеріне қоғам белсендісі Руза Бейсенбектегінің төрт жарым мыңнан астам адамның қолы жиналған ашық хатын тапсырды.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz