newstaraz.kz

 
 

Ақжүрек Таңатаров: Риодағы балуандарымыз үшін ішім күйіп барады


pogudx2i371r8cg44.000a00ed
  22.08.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: wrestling.kz

Риодағы Олимпиада ойындарында Қазақстанның еркін күрес шеберлері жүлдесіз қалды. Олимпиада кілеміне шыққан 5 балуанымыздың барлығы да жеңіліп қалды.

Ал 2012 жылы Лондон Олимпиадасында спорттың осы түрінен қола медаль алған Ақжүрек Таңатаров балуандардың жүлдесіз қалатыны сезгенін айтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында ашына жазды.

«Бүгін Олимпиада ойындарының соңғы күні. Бірақ еркін күрестен біздің палуандарымыз медальсыз қалды. Соңғы үміт Мамед Ибрагимде. Айтайын дегенім, бар жүкті палуандарға артпай, басшылықтан да сұрау алу керек шығар. Сөздің ашығы, Күрес федерациясына теміржолшыларды емес, нағыз күрес майталмандарын шақырту керек. Еліміз нағыз еркін күрес мамандарынан кенде емес. Байрамуков Ислам ағамыздың өзі бір төбе. Бастысы ұлт, ел жанашыры. Ал қазіргі бас бапкерге келетін болсақ, мықты болса неге өзінің кәсіпқой бапкерлігін Жапонияды, АҚШ-та, Латвияды, Ресей Федерациясында қалың елге дәлелдемеген? Сол кісінің арқасында жерге қарап, Рио олимпиадасында жүлдесіз қалған біздің палуандар болғаны ма? Нәтижесіз бапкерге қомақты қаржы төлеп жүлдесіз қалғанша, азын-аулақ ақшаны қанағат тұтып, Отанымыздың даңқы үшін ерен еңбек еткен өзіміздің бапкерлерге неге табыстамаған екен Олимпиада ойындарын? Риодағы келеңсіз жағдайлардан кейін Күрес федерациясы барлығын жөнге келтіреді деген сенімдемін», — дейді спортшы.

Осыдан соң, балуанның желідегі парақшасына көптеген пікірлер түсе бастады. Сөз таластырған бірнеше жанкүйерге ол шындықты айтқанның айыбы жоқ екенін түсіндірген.

«Қазақ палуандары үшін Олимпиада ойындарының дәл осылай нәтижесіз, жүлдесіз өтетінін ішім сезген еді. Медаль түгілі, қызықты жан түршігерлік күрес көрмедік бұл жолы. Еркін күрестің шырқын бұзғандай. Қазақстан құрамасының бапкерлеріне қарасаң қарның ашады. Федерация мүшелері мен бас бапкер енді қалай ақталар екен? Бәлкім палуандарымыздың болашағына балта шаппай, өз лауазымдарын білікті мамандарға берер. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші бас бапкер өз Отанына оралғаны жөн шығар. Әрине егер ол жақ құшақ жая қабылдаса. Жалпы, еліміздің палуандарына еш қарсылығым жоқ. Сол палуандарға жол сілтеп, жеңіске жетелей алмайтын бапкерлерден не пайда?» — дейді. Сонымен бірге Қазақстанның төрт дүркін чемпионы спортшыларға емес, бас бапкерге көңілі толмайтынын да жеткізді. «Біле білген адамға, мен бұл постты палуан достарымды ғайбаттау үшін емес, өмірін күреске арнаған, тағдырын күреспен байлаған достарымның ерен еңбегін еш қылған бас бапкер мен федерация мүшелері жайында сөз қозғағам. Бас бапкеріміз білдей екі дүркін Олимпиада чемпионы, даңқты спортшы бола тұра палуандарымызға дұрыс тактика қоя білмеді. Шындықты айтқанның айыбы жоқ. Айтпайын десем палуандарымыз үшін ішім күйіп барады» — деп жазады Ақжүрек Таңатаров.

Еске сала кетейік, еркін күрестен Қазақстан құрамасын екі дүркін Олимпиада чемпионы Сергей Белоглазов жаттықтырады. 1996 жылы Мәулен Мамыров, 2012 жылы Ақжүрек Таңатаров қола жүлдегер атанған.

Сондай-ақ, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы да Риодан құралақан қайтты.

(просмотры 4 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz