newstaraz.kz

 
 

Ақтөбелік полицейлер сақалды жігітті соққыға жығып, 10 мың теңгесін тартып алған (фото)


pogudx7q978kiso8k.1777bc09
  13.06.2016 NewsTaraz.kz.

Қырғызстаннан Ақтөбеге келіп, сауда жасап жүрген қазақ жігіт Бақыт Нұрматовтың басы бәлеге қалды. Былтырдан бері Бішкектен көкөніс әкеліп сатып жүрген ол сақалы үшін соққыға жығылды.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Бір жылдан бері Ақтөбеде көкөніс сатып жүрмін. 2 маусымда  машина алу үшін Мәскеуге барып келдім. Шекарадан өткенде бізді тексеріп жіберді. Менің ештеңеге қатысым жоқ. 10 маусым күні зат беріп жіберейін деп вокзалға келген болатынмын. Қасыма формасыз жүрген 5-6 адам келіп, басыма қару тақап «Қолыңды көтер» деді. Мен өзімнің Қырғызстаннан келгенімді айтып жатырмын. Олар менің қолымды қайырып, белбеумен байлап, көйлегімді бетіме бүркеп жауып бөлімшеге алып келді. Кабинетте мені еденнің үстіне жатқызып жауап алды. Қатысымның жоқтығы анықталғаннан кейін ғана мені босатты», — дейді Бақыт Нұрматов.

Айтуынша, жауаптан босағанымен ол үшін бөлімшеден шығу ақылы болған.

«Суретке түсіріп алғаннан кейін «заттарыңды түгелде» деді. Қалтамда 98 мың теңге ақша болу керек еді, оның 10 мың теңгесі жоқ екен. Олар «оны білмейміз» деді. Бастықтары жауап алған соң «жібер» дегеніне қарамай, бергі жағындағылар маған «ақша берсең ғана жібереміз» деді. Қолдарына 2000 теңге беріп шығып кеттім. Еш жерге бұл туралы айтып шағымданған жоқпын, зияны тие ме деп қорқамын. Досымды ертіп, ауруханаға барып қаралдым. Олар дәрі жазып берді, қазір үйде жатырмын»,- дейді Бақыт Нұрматов.

Қырғызстаннан келген қазақ жігіті Ақтөбеде намаз оқитындарға қиынға соғып тұрғанын айтады.

«Барлығы Ақтөбеде болып жатқан жағдайға байланысты екенін түсінемін. Бірінші тексеру керек емес пе? Менің оларға ешқандай қатысым жоқ. Барлық сақал қойғандарды тексеріп жатыр. Қырғызстанда дін еркіндігі бар. Сақал қою мен намаз оқуға шектеу жоқ.  Қазақстанда да осы жағдай. Мұсылман бол, христиан бол әркімнің өз еркі», — дейді ол.

Ол өзін нағыз мұсылман жолындағы адам ретінде есептейді.

«Мен өзім Пайғамбардың жолындамын. 2007 жылдан бастап сақал өсірдім, қиып тегістеп тұрамын. Бішкекте араб тілінен сабақ бердім, құранды арабша оқимын. Қыжылыққа да бардым. Ақтөбеде адасқан адамдарды көрдім, намазды сырттан оқып жүреді. Мұсылман мұсылманға зиянын тигізбеу керек», — дейді Бақыт Нұрманов.

Ал облыстық ішкі істер департаменті журналистерден көмек сұрап жүрген тұрғынның прокуратураға арыз жазуы керектігін айтады.

«Ақшасын тартып алып, полиция қызметкерлері ұрса, прокуратураға арыз жазбайды ма? Қарау керек, сұраныс жасаңыздар», — дейді ІІД баспасөз қызметі.

(просмотры 3 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz