newstaraz.kz

 
 

Ақтөбелік азамат туған қызынан көрген қорлығын айтып, көмек сұрады


pogudx58ptgvpppl9.5f30ca4c
  03.06.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбеде қыздарымен соттасқалы жүрген азамат  порталына отбасылық түсініспеушіліктерді жайып салды. Бар жиғанынан айырылып, үйіне кіре алмай жүрген азаматтың арызын полиция қызметкерлері де жауып тастаған.

Өзінің айтуынша, қызы облыстық ІІД қызметкері екен деп жазады NUR.KZ тілшісі.

«1979 жылы бірінші әйеліммен қосылдым. Гүлмира, Эльмира есімді екі қызымыз бар. Екеуі де университетті бітірді. Қырық жыл отасқан отбасылар ала алмайтын құндыз тонды қыздарыма студент кезден кигіздім. Олар оны да ескірді деп бірнеше рет жаңартты. Беделімді салып жұмысқа орналастырдым. Бірақ оны бұлдап отырған жоқпын, мен оны балаларым үшін жасадым. Жүгіріп жүріп тапқан машинамды ІІД-де жұмыс істейтін қызымның астына мінгіздім. Алты айлық кішкентай баламыз суық тиіп шетінеп кетті. 2008 жылы әйеліміз екеуміз жараспай, ол үйден кетіп қалды. Ол кезде 52 жастамын», — дейді Бақтыгерей Ережепов.

Аналары кеткеннен кейін қыздары әкесімен ара-қатынасын үзген.

«Үлкен қызыма бірнеше рет шешесіне үйге қайтсын деп бардым. Ренішімізді кешірейік деп наурызда бардым, хабар болмады. Жалғыз өзіме қиын болған соң 2009 жылы басқа әйелмен көңіл қостым. Онымен арада екі балам бар. Жұмыс жасап жүріп тапқан дүкен, саяжай, екі үлкен машина,  80 мың доллардай ақшам болды. Бәрін соларға бердім. Балаларымның анасы болған соң одан ештеңе сұраған жоқпын. Өзім екі бөлмелі үйімде жаңа отбасыммен тұра бердім», — дейді ол. Отағасы тұрып жатқан үйінің өзінің атында емес екенін кейін білген.

«2015 жылы жеке құжат ауыстыру керек болған соң олардан тұрған үйімнің құжатын сұрадым. Барлығын алып кеткен екен. Қазым «үй менікі» деп құжатты бермей тастады. Мен олардың үйді де өздеріне аударып алғанын сол күні түсіндім. Бір күні «үй менікі, мен де осы үйде тұрамын» деп қасыма келді. Оған «жақсы» деп бір бөлмені босатып бердік. Ол мен кеткенде әйелім мен балаларыма қысым жасайды екен. Өзі қорғаушы жалдап алған.Дәретхананың есігін құлыптап тастады. Шыдадық, мен кеткенде түңгі сағат 12-ге дейін ас үйде «баламның сабағын оқытып жатырмын» деп үйдегілерді  кіргізбейді екен. Бұлар аш жатады. Тұрмысқа шыққан жоқ, баласы бар», — дейді қызының қылығы шектен шыққанын айтқан әкесі.

«Жұмысқа кеткенде үлкен қызым әйелім мен екі баламды қуып шыққан. Ол балалармен сіңілісінің үйіне барған. Мен келгенде ол жақтан тамағымды ішіп кетіп, өзімнің үйімде жатып жүрдім. Таңертең кетем, кешке келем. Бір күні келіп есікті аша алмадым. Есіктің кілтін өзгертіп тастапты. Қыстың күні машинада жаттым. Болмаған соң үш күннен кейін учаскелік полицияға барып арыз жаздым. Олар соңғы барғанымда «арызды қысқартып тастадым» деп қарап тұр. Мен енді полиция қызметкерлерін де сотқа бергелі отырмын, прокуратураға арыз жазып қойдым», — дейді ол.

Әкесімен қызы жеке қорғаушылар арқылы байланыс жасап жүр.

«Қорғаушы жалдап, колледжде жұмыс жасайтын қызыма бардым. Ол жұмыста жоқ екен. Телефонына хабарласқанымызда «ойбай колледжге бармаңдар, үйге келіңдер» деді. Он минут болмай бардық. Барсам, есігін ашпай қойды. Енді қазір алты айдан бері пәтер жалдап тұрып жатырмын. Колледжде жасайтын қызыма ішкі істер саласында жасайтын сіңілісі көмектесіп отыр», -дейді өз қыздарымен соттасудың қиын екенін айтқан азамат.

«Құлыптанып қалған үйде затымызды қалды. Ыдыс аяқ, балалардың киімі, соғымнан қалған ет бәрі қалды. Оны екі айдан кейін үлкен айқаймен әрең алдық. Әйелімнің 70 мың теңгеге алған күртесі, қызымның 18 мың теңгеге алған киімін жоқ қылып жіберген. Үйге келгенде орап қойған етімізді ашсақ, іші кілең сүйек. Етін пісіріп жеп, сүйектерін салып, мұздатқышқа қатырып қойыпты. Жегесін оны тастамай ма, мені мұнша төмендеткеніне қынжылдым», — дейді әкесі қыздарының қатыгездігін айтып.

«Өзім құжатқа жоқ адаммын. Бірінші әйеліммен де енді ажырасып жатырмын. Дүкенді, саяжайды бөлдірттім, ал көліктерді өздеріне бердім. Барлық техника мен ақшаны соларға қалдырдым. Төрт үйім бар, отыз жыл жұмыс істегенде тапқан 2 бөлмелі үйімді алып қалуға құқым жоқ па? Мүмкін қыздарым екінші әйелге қосылғаныма ренжитін шығар», — дейді Бақтыгерей Ережепов.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz