newstaraz.kz

 
 

Ақтөбелік ағайындылардың бірі лаңкестер тізіміне, екіншісі қаза болғандар қатарына еніп кеткен


pogudx5g9fk1uapjq.371e8015
  10.06.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбелік ағайынды Қожаниязовтардың бірі лаңкес күдіктілер арасында, екіншісі қаза болғандар тізімінде жүр. Қанды оқиға болған күні Самат пен Санат Қожаниязовтар өздері тұратын Жаңажол ауылынан бір қадам аттап шықпаған.

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Бірі мектепте слесарь, екіншісі Жаңажол газ өңдеу зауытында шебер болып жұмыс істейді. Екеуі де өздері туралы ақпаратты әлеуметтік желі арқылы біліп, жергілікті әкімдік барып анық-қанығын анықтауды сұраған. Әзірге ауданнан да, облыстан да жағдайды түсіндіріп беретін ешкім табылмай отыр.

Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті алғашында 8 адамды іздеу туралы ақпарат таратқан болатын. Бір күн өткен соң лаңкес күдіктілердің екеуі ұсталды. Оқиға болған күннің ертесінде ақ, Самат Қожаниязовтың аты-жөні мен туған күні сәйкес келген тізім әлеуметтік желілерге тарап кеткен. 5-маусым күні әкесінің бір жылдық садақасын бірген Самат Қожаниязовты түн ортасында учаскелік полиция қызметкері оятады. Жеке куәлігін қарап, түр-тұлғасына бір үңіліп, кейін кетіп қалады. Ал таңертең өзінің суреті мен аты-жөні жазылған іздеу қағазын әлеуметтік желіден көреді.

«Мен үш баланың әкесімін. Үлкен ұлым Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Ал қызым биыл 10-сыныпты бітірді. Кенже қызым — 4 жаста. Жұбайым ауылдағы емханада қызмет етеді. Өзім мектепте слесарь болып жұмыс істеймін. Бұл оқиға жаныма қатты батып отыр. Бар сұрарым мені тізімнен алып тастасын. Балаларым өсіп келеді, оларға қалай тәрбие беріп, ақыл айтамын. Бұл жағдайға байланысты ешкімді сотқа бермеймін, тек ақтап шығарса екен»,- дейді Самат Қожаниязов.

Үйінен қарсы қадам аттап шығуға қорқып қалған Самат Қожаниязов әкімдіктен көмек сұрады. Бұл жағдайда Батпақкөл селолық округінің әкімдік қызметкерлері Мұғалжар ауданына хабарлаған. Аудан орталығынан келген маман түсініктеме жаздырып, кейін хабарласамыз деп жұбатып кетті.

«Ішкі істер департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мәліметті толық тексеруі тиіс. Бұл жағдайда қателесуге болмайды. Бірімізді лаңкестер қатарына қосып, бірімізді өлгендер тізіміне енгізген»,- дейді ол.

Мәселенің мән-жайын жергілікті әкімдік те түсінбей отыр. Батпақкөл селолық округінің бас маманы Әлібек Мамбетниязовтың айтуынша, антитеррорлық операция кезінде қаза болған лаңкестер тізімінде інісі Санат Қожаниязов та жүр.

«Жаңа келіп кетті, мен тірімін дейді. Осы жағдайға байланысты құқық қорғау органдарына хабар да бердік. Басқа ештеңе істей алмаймыз. Олар бізден көмек сұрайды, біз ауданға хабар береміз»,- дейді Батпақкөл селолық округінің бас маманы Әлібек Мамбетниязов.

Айта кетейік, Самат Қожаниязов 1973 жылы туған. Ал оның інісі Санат Қожаниязов 1975-жылғы. Екеуі де Мұғалжар ауданы, Батпақкөл селолық округі, Жаңажол ауылында тұрады.

Осы мәселеге қатысты Ақтөбе облыстық ІІД, ҰҚКД де хабарластық. Бұлардың ешқайсысы әзірге Қожаниязовтарға қатысты түсініктеме бере алмай отыр.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz