newstaraz.kz

 
 

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан күзет қызметкері «үйленемін» деп дайындалып жүрген


  09.06.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбеде қару-жарақ дүкенінде лаңкестердің қолынан қаза тапқан күзет қызметкері Мирхан Тәжібаев «үйленемін» деп дайындалып жүрген. Үш ағайынды жігіт үйінің кенжесі екен деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Лаңкестердің қолынан қаза тапқан күзет қызметкері Мирхан Тәжібаев

«Үш балам бар. Мирхан кенжем. «Папа, сені өзім бағамын» деп отыратын. «Жасым 32-ге толады, үйленемін» деп жүрген еді… Анасының қасына барып жатты. Бейітте анасының қасында орын бар екен, сол жерге қойдық. Өзімнің жолдасымнан айрылғаныма он жыл болды. Оның қызметке орналасып, жұмыс жасағанына қуанғанда анасы қызметтегі еңбегін көрмей кетті-ау дейтін едім. Ол отбасы болған қуанышын маған да көрсете алмай кетті», — дейді еңсесі езілген әкесі Есенбай Тәжібаев.

Жылап отырған әкесі сол күні досының орнына жұмысқа шыққан баласының әрекетін «ажалын қуып барғаны шығар» дейді.

«Оқиға 5 маусым күні болды. Ол жұмысқа негізі 6 маусым күні шығуға тиіс болатын. Жұмыста бірге істейтін баласы хабарласып, сол күні өзінің орнына шығуын өтінген. Ажалына көрінген шығар, сол күні жұмысқа шықты. Балам түскі тамаған ішуге сағат 12:30 да жарты сағатқа келіп кететін. Сол күні он екіден өте баламның тамаған дайындап қойып, оған хабарластым. Неше минуттан кейін келетінін сұрағанымда «Папа, кейінірек барам» деді. Екеуміздің соңғы рет тіл алысқанымыз сол сөз болған екен», — дейді қайғыдан қабырғасы қайысқан әкесі.

Баласының соңғы сәттерін есіне алған әкесі біразға дейін өксігін баса алған жоқ.

«Сағат екі шамасында жүргізушісі үйге жүрігіп келді. «Аға, жүріңіз, ана жақта шамалы шатақ шығып жатыр. Мирханның аздап жарақаты бар» деп «Паллада» қару жарақ дүкенінің алдына апарды. Бірақ біз барғанымызда ол жерде полиция қызметкерлері толып тұрды. «Балама барамын, жарақатын көрейін» дегеніме қарамастан жіберген жоқ. «Аға, әзірге болмайды» деп олар мені сол жерде ұстады. Сөйтсем, олар баламның өлгенін біліп тұрған екен. Дүкеннің алдына ертіп апарып екі сағат ұстады. Баламның жағдайын біле алмай есім кетті», — дейді әкесі.

Әкесі баласының «Папа, кейін келемін» деген сөзі құлағының түбінен кетпей тұрғанын айтады.

«Оның телефондағы сөзі ғана құлағымда қалды. Баламнан бұлай айрыламын деп ойлаған жоқпын. Ештеңені көрмей кеткенін ойлағанда өкініш өзегімді өртейді. Қайтейін… Ол сол аумақтағы банктер мен ломбардтарды күзететін еді. Хабар жеткен бойдан барған. Арнайы киім киген оның үсті мен бас жабық болған. Оны желкесінен тиген бір оқ құлатқан. Денесін дүкенге кіргізіп, сол жақтан мәйітханаға алып кеткен. Үйге сол күні кешкілік алып келді. Баламды анасының қасына тапсырып, қаңырап отырмыз», — дейді әкесі.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz