newstaraz.kz

 
 

Ақтөбедегі атыс болған ауданда “сақалдылар” “халал” дүкен ашқысы келген


pogudxosqp2pk49g8.7cc33a8b
  08.06.2016 NewsTaraz.kz.
Лариса Драбовская

Ақтөбеде лаңкестік оқиға басталған “Паллада” қару-жарақ дүкенінің алдында атыстың қалай басталғанын тұрғындар айтып берді деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

“Сол күні аулада 7-8 адамның үлкен қарумен жүгіріп келе жатқанын көрдік. 102 телефонына хабарласып, ала алмадық. Тезірек əрекет етсін деп учаскелік полицияға хабарластық. Ол 102 телефонына хабарласыңдар деп тұтқаны тастай салды. Ешқандай əрекет жасамады. Учаскелік полиция бізге не үшін керек? Осы жағдай болғаннан кейін де ол бізге келген емес”,- дейді оқиғаны көзімен көрген тұрғын Лариса Драбовская.

Тұрғындар қазір қару сақталған дүкеннің үстінде қорқынышпен отырғандарын айтады.

“Біз оттың үстінде отырмыз. Қаншама қару-жарақ, атылғыш заттар сақталған дүкеннің үстінде жүздеген адам тұрып жатыр. Əскерилерді тал түсте қырып салған лаңкестерге қарсы тұра алмағандар біздің қауіпсіздігімізді қалай қорғайын деп отыр? “,- дейді тұрғын.

Ақтөбенің қақ ортасындағы қару-жарақ дүкенінде тұрып жатқандар бұл дүкеннің алдап салынғанын айтады.

“Осы “Паллада”салынар кезде бізге шаруашылық дүкені салынатынын айтты. Оның төбесіне “қару-жарақ дүкені” деп ілінгенде бірнеше жерге арыз жаздық. Əкімшілік, жергілікті билік мəн біріп те қараған жоқ”, – дейді Лариса Драбовская.

Қара жамылған келіншектерін ерткен сақалдылар сол ауданнан “халал” дүкен де ашқысы келген.

“Паллада” ашылғаннан кейін осы жерде сақалдылар қаптап кетті. Жертөлеге “халал” дүкен ашатындарын айтты. Барлық тұрғындар бірден қарсы шығып, митинг жасадық. Ақыры салғызған жоқпыз”, – деген тұрғын өзінің әлі қорқынышпен жүргенін айтты.

NUR.KZ тілшісі осы жайтқа қатысты полицейлердің пікірін сұраған. Алайда, олар қаладағы жағдайға байланысты сұраққа жауап беруден бас тартты.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   
NewsTaraz

NewsTaraz