newstaraz.kz

 
 

Ақтөбеде өзбек жігіттерінен таяқ жеген қазақ қыздары ауыр халде жатыр


pogudx20qtp81pp54g.1632f329
  29.05.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбеде еңгезердей үш өзбек жігітінен оңбай таяқ жегенін айтқан екі қыздың бірі ауруханада жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Менің құрбым массаж жасайды, ол бізді ұрып кеткен жігіттердің бірін жақсы таниды. Оған 7-8 жылдай массаж жасап жүр. Бізді үйін жинатуға да шақырады. Ақшасына үйін жинап кетіп жүрдік», — дейді ауруханада басын көтере алмай жатқан қыз.

«13 мамыр күні кешкілік тағы масаж жасауға бардық. Машинада отырғанда олар өзара өзбек тілінде айқайласты. Сосын бізді балағаттай бастады. Бетіме 10 мың теңгені лақтырып жіберді. Өзіне оны қайтып лақтырғанымда қалтасынан тағы екі 10 мың теңгені шығарып, санымнан, төсімнен қыса бастады. Үш он мың теңгелік ақшаны жыртып бетіне лақтырдым», -дейді 26 жастағы қыз өксігін баса алмай.

«Ол жұдырығымен басымнан үш-төрт рет ұрып жібергенде көзім қарауытып кетті. Нокин көшесіндегі жанар-жағар май бекетінің жаныда машинадан түсіріп, шашымыздан сүйреп жүріп ұрды. Басымды асфальтқа ұрған кезде есімнен танып қалдым. Бір есімді жинап, басымды көтергенде қасымдағы қызды ұрып жатқанын көрдім. Оны сынған бөтелкенің үстіне құлатып, қансыратып тастаған. Олар бізді сабап кетіп қалды. Такси ұстап үйге келдік. Мамам шошып кетті», -дейді.

Ол анасына танымайтын адамдардың ұрып кеткенін айтқан.

«Олар бізге «арыз жазамын десеңдер жазыңдар, мен көші қон полициясының бастығын сатып алдым. Кез-келген жерге барып жаз. Арызыңды дәлелсіз қылып жауып тастаймын. Арыз жазып ол сотқа жететін болса, мен сені ешкім білмейтіндей қылып өлтіріп кетемін» деді. Біз қорқамыз», — дейді жәбірленуші.

Үйге келгенде құсып, басы ауыра берген соң дәрігер шақыртқан.

«Үйдегілерге білдіртпей сыртқа шығып жедел жәрдем шақырттық. Олар мені ауруханаға апарды. Онда мені тексеріп, басың айналып жатса, қайта шақырт деп шығарып жіберді», — дейді ол.

Ауруханаға түскенде таяқ жегенін айтқаннан кейін оларды полиция шақыртады.

«Елек полиция бөлімшесінен «арыз жазасың ба» деп хабарласты. Оларға ұрып кеткен адамдардан қорқамын, арыз жазудан бас тартатынымызды айттық. Құрбымның екі баласы бар. Жолдасынан ажырасып кеткен. Зиянымыз балаларға тиіп кетер деп арыз жазудан бас тарттық. Біз арыз жазбаймыз дегенде олар айқайлады. «Сендерді ұрған өзбектер ме, жазыңдар» деп ұрысты. Бізден олар туралы барлық ақпаратты алып, оларды ұстап әкелеміз деп кетті. Ертеңіне бөлімшеге өзіміз бардық. Олар «ішке кірмеңдер» деп бізді машинамен басқа жерге апарды»,- дейді жәбірленуші қыз көмек сұрап барған полиция қызметкерлеріне сенуге болмайтынын айтып.

«Біз оларды ұстадық. Олар сендерге ақша ұсынды, істі жауып тастаңдар деп отыр. Ештеңе жазбауымды айтып, 150 мың теңге беріп тұр. Соған  киініп ал да жүре берсейші»дейді. Олар менің денсаулығымды ойыншық көріп, мені мазақ қылып отыр. Содан кейін бізді ұрып кеткен жігіттер хабарласып, қайда барсақ та бұл істі жауып тастайтындарын айтты. Сендер бізге ештеңе жасай алмайсыңдар. Кез келген жерге барыңдар бәрін сатып алдым деп қорқытты. Полиция қызметкерлері жаңағыдай деген соң бұлардың үстінен арыз жазуға да қорқамын», — дейді әділдіктің жоқтығын айтып жылаған қыз.

Ауруы асқынып, жүре алмай құлаған қыз қазір жедел жәрдем ауруханасында жатыр.

«Он күн өтті. Күнде басым ауырады, таң атқанша жылап шығамын. Дәріні уыстап іштім. Басым қойған жоқ. Соңғы төрт күнде жүре алмай жатып қалдым. Мен прокурордан көмек сұраймын. Егер менің қауіпсіздігіме көмектессе, мен арыз жазамын. Істі соңына дейін апарса екен деймін. Бүгін біз таяқ жеп жатырмыз. Олар ертең басқа қызды солай ит қылады. Полиция қызметкерлері секілді «ақша ұсынып тұр жауып тастайық» десе істі қозғамаса да болады»,-дейді жәбірленуші.

Еңгезердей жігіттерден таяқ жеген қыздар прокуратуранын іске араласуын сұрайды. Олар суретке түсіп, аттарын жариялаудан қорқып отыр.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz