newstaraz.kz

 
 

Ақтөбеде қызғаншақ еркек жазықсыз әйелін буындырып тастады


pogudx1d3l0hlncfl8.b55f17a5
  24.07.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбе сотында некелі жарын қызғаныштан буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамның ісі қарала бастады. Марқұм Қарғалы қалалық ауруханасының босану бөлімінде медбике болып жұмыс істеген деп хабарлайды Керек-инфо.

Қылмыс биыл 2 мамырда Қарғалы ауылында жасалған. 45 жастағы әйел сол күні ауруханадағы түнгі кезекшіліктен үйіне келеді.

Біраздан бері жұмыссыз жүрген сотталушы ішімдікті де жиі ішетін көрінеді. Осыны сылтау еткен әйелі ұрыс шығарады. Сотталушының сөзінше, өзінің басқа ер адамды жолықтырғанын айтып, пәтерді босатуын сұрайды. Ашуға булықққан күйеуі әйелін мойын орағышымен қылғындырады.

Мұнысымен қоймай, кейін марқұмды қос қолымен буындырады. Сол түні сотталушы қорыққанынан далаға қонып шығады. Келесі күні полицияға беріледі. Сот отырысы кезінде марқұмның туыстары сотталушының сөзін жоққа шығарды.

«Сіңілімнің өзге адамы болуы мүмкін емес. Ол осыған дейін күйеуінен қорлық көріп келді. Соққы алып, денесі қызарып келетін. Ажыраспақ ойы бар еді. Күйеуі тіпті өз таныстарынан да қызғанатын. Соңғы бір айдан бері күйеуімен бірге тұрғысы келмей, жұмысқа Қандыағаштан қатынап жүрді», — дейді марқұмның әпкесі.

Сотталушы әйелін өлтіргеннен кейін «Кешір. Маған да, бәріне де жоқ. Жақсы көрдім» деген хат қалдырған. Сот отырысы кезінде ер адам жұбайын қызғаныштан өлтіргенін мойындады. Тіпті 7 жылдан бері заңды некеде тұратын әйелін аңду үшін жұмыстан да шығып кеткенін айтты.

Белгілісі, айыпталушының бұрынғы некеден бір ұлы бар. Алайда ер адам онымен араласпайтын болып шықты. Марқұммен ортақ балалары болмаған. Егер қылмысы дәлелденсе, ол 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz