newstaraz.kz

 
 

Ақтөбеде теракт кезінде қаза болған оңтүстікқазақстандық жауынгердің денесі туған еліне жеткізілді (фото)


pogudx3upghhf4coj.923ab19a
  06.06.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбеде антитеррорлық операция кезінде қайтыс болған оңтүстікқазақстандық жауынгер Досбол Сапардың денесі туған еліне жеткізілді, деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

1997 жылы ОҚО, Шардара ауданы, Көксу ауылында дүниеге келген Досбол Еркінбекұлы Ақтөбе қаласындағы №6665 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын қорғап жүрген болатын. Өкініштісі, ол содырлардың қолынан қаза тапты.

Еске сала кетейік, кеше, 5 маусымда Ақтөбе орталығында қаруланған топ әскери бөлім мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасады.

Осыдан соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды өте сақ болуға шақырып, антитеррорлық операциялардың жалғасып жатқанын жеткізді. Өңірде террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Осыдан кейін, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ақтөбеде болған оқиғаға радикалды діни бағыттағы топтардың қатысы бар екенін растады. Ал бүгін 6 маусымда Қалмұханбет Қасымов Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 38 адам жарақат алғанын мәлімедеді.

Қаза болғандардың бірі оңтүстікқазақстандық Досбол Сапар еді. Әскери борышын өтеп жүрген азаматтың денесі ертең таңертең жер қойнауына тапсырылады.

Nur.kz

(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz