newstaraz.kz

 
 

Ақтөбеде өлтірілген күдіктілердің бірі сақалына байланысты жұмыс таба алмаған


pogudx2q4aa1ct4d7.bcb36189
  17.06.2016 NewsTaraz.kz.
Скриншот Азаттықтан

Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндіріп, ел тарихында ең ұзақ уақыт — бір аптаға — созылған антитеррорлық операция аяқталды. Ақтөбе өңіріндегі қауіптілік деңгейі жоғарыдан орташаға төмендетілді.

18 күдіктінің көзі жойылып, олардың қолынан төрт әскери мен үш бейбіт тұрғын көз жұмды. Осы күнге дейін қала мен облыста күдік тудырған көліктер жіті тексерілуде.

Азаттық тілшісі 5 маусымдағы полициямен атыста көз жұмған Дархан Қойшиннің үйінде болып, анасымен тілдесіп қайтты. Ол Ақтөбедегі Киселев атындағы көшесінде орналасқан ескі екіқабатты үйде тұрған.

Қойшиндер пәтерінің есігінде Құран сүрелері жазылған тақтайша ілінген.

Дарханның анасы Зәуреш Қойшина баласын соңғы рет әлеуметтік желілерде таралған видеодан көрген.

«Оның сасқалақтап жүгіріп жүргенін көрдім. Оны мәжбүрлеген бе, білмеймін. Не істерін білмей жүрген адамдай сасқалақтап жүгіріп жүр. Ал қай жерде өлтірілгенін білмеймін, ештеңе білмеймін. Білетінім мәйтханада жүр. Дарханның соңында үш ұлы қалды: үлкені төрт жаста, кенжесі — 10 айлық. Алты жан шағын пәтерде тұрып жатыр», — деді ол.

Дархан 10 жылдан бері намазға жығылған. Анасының айтуы бойынша, оның мамандығы — мұнайшы. Бірақ сақалына байланысты жұмыс таба алмаған. Күнін жергілікті базарда ұялы телефон сатумен көрген.

Зәуреш Қойшина осымен екінші ұлынан айырылып отыр. 12 жыл бұрын бір ұлы жоғалып кеткен.

«Өте ауыр, екіші ұлымнан айырылып отырмын. Кім кінәлі екенін білмеймін. Маған енді артынан қалған мына үш баласын аяғына тік тұрғызу керек», —  дейді көз жасын тоқтата алмаған анасы.

Дархан Қойшиннің анасымен бірге арадағы әңгімені сырттан үйіне кірген қызы мен келіні бұзды.

«Олар автобусты басып алды дейді, егер олар шын террорист болса, бірден жарып жіберер еді ғой», — деген сөздермен қызы есікті жауып алды.

Азаттық тілшісі басқа күдіктілердің жақындарымен тілдесудің сәті түспегенін айтады. Полиция таратқан мекен-жайлар бойынша есікті ешкім ашпады. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын ашылуында президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресейдің сол кездегі басшысы Дмитрий Медведев қатысқан «Нұр-ғасыр» мешітіндегі жұма намазында айтылған уағыз әркім өзінше түсінетін Құран сүрелерінің мағынасына арналды.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz