newstaraz.kz

 
 

Ақтөбеде іздеуде жүрген лаңкестердің бірі қарт әжейді зорлаған


pogudx2pa1u2jppt6g.e554bb7a
  10.06.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: kerek-info.kz

Ақтөбеде теракті жасаған күдіктілердің бірі бұрын қарт әжейді зорлағаны үшін сотталған. Бұл қылмысы үшін мұғалжарлық Айдос Жұбанов 10 жыл түрмеде отырып келген. Бұл жөнінде «Kepek info» тілшісіне Ембі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбаев айтты.

Айдос Жұбанов Мұғалжар ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. Бала кезінде анасы екеуі Ембі қаласына көшіп келеді. Нағашыларының тәрбиесінде болады.

Ембідегі №4 негізгі мектепті аяқтап, колледжге оқуға түседі. Ал 2002 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін 10 жылға сотталады. Ембі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбаевтың айтуынша, Айдос кейуананы зорлап, түрмеге түскен.

Жазасын өтеп жүрген жылдары анасы қайтыс болады.

Жазасын өтеп болған соң Ембіге қайтып келіп, кейін Ақтөбеге кеткен. Отбасылы болады. Кейін әкесінің апасы Уазипа Досанованың айтуынша, қалаға келгенде «Астана» сауда үйінің алдында ұялы телефон сатып тұрған Айдосты көрген. «Ол мені жалдап тұрған пәтеріне апарды. Балалы болғанын айтып, әйелімен таныстырды» дейді апасы Уазипа.

Айдостың бұрын соңды діни ағымдарда болғанын туыстары байқамапты. Тіпті үйленгенін де айтпапты.

Ал Ембі аудандық ауруханасы дәрігерлерінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда ол Ақтөбе қаласында «Нұр Ақтөбе» ықшамауданыда жалдамалы пәтерде тұратындығы көрсетілген.

Айта кетелік, Ембі қаласы әкімдігінің берген мәліметі бойынша, Айдос Жұбанов 2013 жылы Ембі аудандық ауруханасы туберкулез кабинетіне диспансерлік есепке алынған. 2015 жылы 2-топ мүгедегі ретінде 1 жыл ауруханаға жатқызылған. Биыл наурыз айында өз еркімен ауруханадан шығып кеткен.

Айдостың аты-жөні іздеу жарияланған күдіктілердің тізімінде жүр.

(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz