newstaraz.kz

 
 

Ақтөбеде екі әйелі мен сегіз баласы бар жігіт өзіне тағы да тоқал іздеп жатыр


pogudx6crcga3ubv8.7df58824
  25.07.2016 NewsTaraz.kz.
Көрнекі сурет

Ақтөбеде орталық базар маңындағы телефон сататын жігіттер теракт кезінде басты күдіктіге айналған болатын. Ақтөбедегі оқиға кезінде олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілді.

Бүгінде терактіге қатысы жоқтығы дәлелденгендер босап шығып, саудаларын жалғастырып жатыр. Олардың сырт пішінінде сәл өзгеріс бар: сақалдары қиылған, қысқа балақты шалбардың орнына балағы резеңке триколар киген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Олар өздерімен әңгімелесуден бас тартқан жоқ. Тек суретке түсіріп, аттарын атамауды сұрады.

«Бізді «сақалдылар» деп ерекшелейтін ештеңе жоқ. Абай атамыз да сақал қойған, еріккеннен емес шығар?! Біз де өзге адамдар секілді қоғамның мүшесіміз. Күн көру үшін тіршілік жасаймыз. Біреуге зиян келтіру ойымызда жоқ. Сізбен сөйлесу үшін мен бес сағат уақыт жұмсауым мүмкін. Кейін сіз әңгімеме қызығып, күйеуге шыққыңыз келуі мүмкін. Сөйлеспестен бұрын өзіңіз ойланыңыз. Маған күйеуге шыққыңыз келсе, сөйлесуге қарсы емеспін», — деді топ жігіттің арасынан бірінші болып тіл қатқаны.

Дін жолындағы жігіттердің үйленуді бірінші кезекке қоятынын білгендіктен «Сіздің әйеліңіз бар емес пе?», — деп әңгімеге тарта түстік. Сақалын қидырған жігіт өзінің өмірі туралы жағдайды жайып салды.

«Әйелімнің бары рас. Шүкір, бір емес, екі әйелім, сегіз балам бар. Әлі екі «вакансия» бос тұр. Бойымда қуат бар кезде көңілімнен шыққан қызды жар етуге қарсы емеспін. Қазір қаншама қыздар жігіттердің ойыншығына айналып жатыр. Күйеуге шыға алмай жүрген кәрі қыздар көп. Мен бірнеше әйел алсам, оларды көңіл көтеру үшін ұстап отырған жоқпын. Оларды қамқорлығыма алып, балаға әке, өзіне жар боламын. Қолымнан келгенінше барымды алдарына апарамын, аш емес. Сондықтан бос тұрған екі «вакансияны» да толтыру ойымда бар», — дейді ол.

Атының құпия қалуын сұраған телефон сатушы жігіт өзінің әйелдері туралы да айтып берді.

«Дін жолына бет бұрғаныма он шақты жыл болды. Жолдастарымның таныстыруымен көңілімнен шыққан қызбен отау құрдым, төрт балам бар. Жақында ғана кішкентайлы болып үйде отыр. Оның жасы менен төрт жас кіші. Мен онымен иманына қарап қосылдым. Бірінші әйеліммен екі-үш жыл тұрғаннан кейін өзімнен бір жас үлкен әйелді тоқал қылып алдым. Ол бұрын тұрмыста болған. Оның сұлулығы «әйелім болшы» деп айтуға себеп болды. Исламда әйел таңдағанда иманына, сұлулығына, байлығына көңіл бөлу керектігі айтылады. Оның баласына өз баламдай қараймын. Қазір ортақ балаларымыз бар. Маған көмектесу үшін қосымша ательеде жұмыс жасайды. Өміріме өкінген емеспін. Осы уақытқа дейін олар да маған өкпелерін айтып, реніш білдірген жоқ. Әйелдерім де, балаларым да бір бірімен араласып тұрады. Балаларға түсіндіре білсе, ешқандай реніш болмайды. Олар менің өздерінің аналарын қалай сыйлайтынымды, қамқорлығымды көріп өсіп келеді. Сондықтан, балаларым да қызғаныш тудырып көрген емес», — дейді ол.

Телефон сатушы жігіт лаңкестік жасаған жастар біреулердің азғырғанына еріп кетті деген пікірде.

«Неге бізді қоғамнан бөліп қарайды? «Сақалдылар» деп жатады. Мүмкін болған оқиғадан кейін адамдарда қорқыныштың болуы заңды да. Бірақ ол оқиға кезінде кілең жастардың қаза тапқанын өздеріңіз білесіздер. Ақыл тоқтатпаған олар еріп кетті. Бәрі де үйленген, арттарында балалары қалды. Сол күні негізі барлығымызды да қонаққа шақырған болатын. Сонда түсініспеушіліктен болып тұр. Жастар еріп кетті, бәрі қырылды. Қалғандарына осы жағдай сабақ болады деп ойлаймын»,- деді ол Ақтөбедегі жағдайға байланысты көп ештеңе айта алмайтындығын түсіндіріп.

«Сіздердің мешітке көп бармайтындарыңыз жиі айтылады. Дін туралы білімді сырттан алатындарыңыз, имамдар пікірімен келіспей қалатындарыңызға қатысты да жиі жарияланып жүр. Бұған не айтасыз?» — деген сауалымыз да жауапсыз қалған жоқ.

«Неге біз мешітке бармайды екенбіз? Мешіт Алланың үйі, намазды біз сол жерде оқимыз. Біздің имамдар сұрақтың өзіне сенімді жауап бере алмайды. Күмілжіп, біреуді кінәлап жатады. Мен ешкімді жамандағым келмейді. Бірақ мешіте қалталы адамның өлгенін тілеп отыратын «шабашник» имамдар көп. Олар дін туралы тереңдетіп біреуге түсіндірмек түгілі, өздері түсінбейді. Сондықтан әдеби кітаптар оқимыз. Мен өзімнің дінге қалай келіп, имамдарға барғаным есімде. Ол кезде кері пікірлер қалыптаспаған кез. Мешіт пен имамның бөлек екенін сол кезде-ақ түсінгенмін. Біреуді қараламастан бұрын, кінәні әркім өзінен іздеу керек»,- деп қоштасты телефон сатушы жігіт.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz