newstaraz.kz

 
 

Ақтөбеде биыл мектеп бітірген түлек көршісінің 3 жасар ұлын зорлаған


pogudx3ma31ll3781.8f910f0f
  16.06.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбедегі  «Хлебокомбинат»  бау-бақша аумағында тұратын 3 жасар Диастың анасы кеше полицияға арыз түсірді. Айтуынша, 11 класс бітірген көршісі баласын жыныстық қатынасқа тартқан деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Балам сыртта қатарластарымен шауып ойнап жүрген. Саяжайда тұрғасын машина болады деп алаңдамайсың. 4 маусым күні балам «Қуаныш аға сүйіп ауыртты», — деп барлығын қимылмен айтып берді. «Ол сүйді, мен жыладым. Тентек балаларға айтпа, атаңа айтпа» деген. Шақырған кезде келмегесін ол баламды бұзылған сарайына сүйреп апарған»,- дейді үш жасар Диастың анасы.

28 жастағы келіншек үлкен ұлының жағдайын естігелі бері полиция мен дəрігердің арасында шапқылап жүр.

«Нақты қай күні болғанын да білмеймін. Полицияға шамамен 30 мамыр деп жазып берген болатынмын. Кейін ойласам, мен 27 мамырда қалада болған жоқпын. Оқиға соған дейін болған. Балам маған 4 маусым күні айтты. Көршінің өзінен сұрап алайын деп, бірден полицияға барған жоқпын. Ол балаға айтпасаң сотқа беремін дегенде «Апа, кешіріңіз» деп мойындады», — дейді шешесі.

Қазір Ақтөбеде жарты айға жуық уақыт өткен іске байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Кеше арыз түсірдім. Медициналық экспертиза қорытындысын күтіп отырмыз. Балам психологқа бəрін айтып берді», — дейді 3 жасар Диастың анасы.

Қазір күдікті деп танылған мектеп түлегі үйінде жүр.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz