newstaraz.kz

 
 

Ақтөбеде атышулы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй кешені тағы судың астында қалды


pogudx2jq017t49tqg.860de952
  27.02.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбе іргесіндегі ықшамаудандарды су алып жатыр.

Қазір ол жаққа қатынайтын жол жабылып қалмас үшін су соратын көліктер күні-түні кезекшілікпен жұмыс істеуде деп хабарлайды КТК арнасы.

Шенеуніктер де биыл тасқынның біраз әбігерге салатынын айтады. Себебі қар жылдағыдан үш есе артық түсті. Ал оны толық сыртқа шығарып үлгермеген. Енді үйілген қарды тазартуға оқушылар да көмек беріп жатыр.

Қазір «Нұр-Ақтөбе» деп аталатын бұл аудан су ортасында қалған арал сияқты. Күн күрт жылынғалы бұл жаққа қатынайтын жалғыз жолды су басып, көліктері жүзіп өтуге мәжбүр. Сондықтан мұнда күні-түні су соратын көліктер кезекшілікпен жұмыс істеуде. Әкімдіктегілер де биыл қаладағы он шақты ауданды су басу қаупі барын жасырмайды.

«Авиатор», «Жаңақоныс», «Мәскеу», «Гмз»  мен «Шанхайды» су  алу қауіпі бар. Үйлерді де су алу қаупі бар», — дейді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов.

Ақтөбеге биыл қар жылдағыдан үш есе артық жауған. Осыдан екі апта бұрын аймақ басшысы Сапарбаевтың өзі тепсініп тұрып қаланы қардан тазартуды бұйырған еді. Бірақ артынша ақ ұлпаны тағы үйіп тастады. Коммуналшылар да жанталасып жатыр. Енді оларға, тіпті оқушылар көмек беруде.

Қарғалы ауылының оқушылары сабақ бітісімен қолдарына күрек алатын болған. Олар мұғалімдеріне еріп жалғызбасты қарттардың аулаларын қардан аршып беріп жатыр.

«Сабақтан тыс уақытта келіп көмектесеміз. Бізде енді бірінші кезеңде оқитын балалар түстен кейн келіп, екінші кезеңдегілер түске дейін келіп бір-екі сағат осылай жәрдем береді», — дейді №53 орта мектеп мұғалімі Мұрат Төленов.

Қыс бойы қаладан 200 мың тонна қар шығарылыпты. Десе де биіктігі 2-3 метрге жететін омбы әлі де жетерлік. Енді оларды дереу құртпаса үйлерді су шайып кетері сөзсіз.

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz