newstaraz.kz

 
 

Ақтөбеде 14 жасында тұрмыс құрған келіншек Сирияға кете алмай қалғанына қуанып жүр


pogudx8fpvrrps8bs.7a1c98ff
  08.09.2016 NewsTaraz.kz.
Көрнекі фото: Хиджаб

Ақтөбеде отбасымен Сирияға аттанған 12 адам қаладан шыға бере күдікті болып қолға түскен еді. Бір шағын автобусқа тиелген адамдарды қауіпсіздік комитеті тексере келе олардың Сирияға кетіп бара жатқандарын әшкерелеген болатын.

Қазіргі кезде олардың бәрінің дүние мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 8-жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Қазіргі күні сот жағалап, кешірім сұрап арыз жазып, құзырлы орыннан рақымшылық сұрап жүрген Жаңагүл есімді келіншек «террористің әйелі» деген сөзге құлағы үйреніп кеткенін айтады.

«Жолдасым 6 жыл алып, түрмеде отыр. Бізді отбасымызбен Сирияға бара жатқан жерімізден ұстады. Ана жақтан жіберілген таспаларды көріп, эмоциямен кетіп қала жаздадық. Қазір осында қалуымызға біздің ұсталуымыз себеп болды. Соған шүкіршілік айтып, ана жаққа жетпей қалғаныма қуанамын. Негізі ол жаққа барғым келген жоқ. Күйеуімнің айтуымен үш баламды ертіп, бәріміз жолға шыққан болатынбыз. Жамандық өзімізден жақсылық Алладан болады. Қазір сол жаққа бармай қалғаным үшін күнде дұға оқып, шүкіршілік айтамын. Көпшілік «террористің әйелі» деп қаралап жатса да, Сирияға жете алмай қалғанымыз үшін қуанамын», — дейді Жаңагүл.

Қазір үш бала тәрбиелеп отырған 20 жастағы қыз мұсылмандыққа қалай келгенін айтып берді.

«Мен дінге 13 жасымда келдім. Өзім намаз оқығым келді. Мешітке барып намаз оқуды үйрендім. Үйде ешкім дін жолында болған жоқ. Хиджаб кимей, орамал мен ұзын көйлек киіп дін жолына түстім. Бір жылдан кейін хиджап кидім. 9 классты бітіргенде екі айдан кейін тұрмысқа шықтым. Жолдасыммен бір күн кездескеннен кейін келесі күні неке қиып тастадық», — дейді ол.

Келіншек өзінің танымайтын адамға еш қорқынышсыз тұрмысқа шыққанын айтты.

«Мұсылман қыздар тұрмысқа шығар кезде жігітпен сөйлеспейді. Бізге жігітпен сөйлесу — харам. Мен өзім жолдасыммен ағам арқылы таныстым. Бізге бір бірімізді сырттай көрсетті, ұнаттық. Келесі күні келді, сөйлестік. Екінші әйел алуға қарсы екенімді айтып басында келісіп алдым. Ол екінші әйел алмаймын деп уәде берді. «Неке қиғаннан кейін талақ бермейсің ба? Ата-анаң қарсы емес па?» деп талақ туралы алдын ала сұрап алдым. Себебі талақ бар нәрсе. Ер адам әйелі көнбеген жағдайда талақ береді. Онда да бірден емес, алдымен жайлап түсіндіру керек. Олай болмаған жағдайда төсек қатынасын үш айға үзеді. Оған көнбесе ұруға болады. Жолдасымның қалауымен денемде ашық жер қалдырмай жауып жүрдім. Қара түсті киімдер кидім. Бетім, қолым барлығы жабық тұрды. Қазір мына ұсталғанымыздан кейін теологтармен сөйлесіп түсініп жатырмыз. Қателеспейтін адам жоқ», — дейді Жаңагүл.

Сонымен қатар келіншек Сирияға кетпей, ұсталғаннан кейін беті ашық киімдер кие бастағанын айтады. Тісінің барлығы қарайып, жұпыны киінген келіншек қазір басқа мұсылмандардың әкеп берген азын-аулақ ақшасына күн көріп отырғанын айтады.

«Тұрмыс құрғаныма қазір 5 жыл болды, үш балам бар. Жұмыс істемеймін. Үш баламен үйде отырмын. Маған қазір мұсылман бауырлар ақшалай беріп көмектесіп тұрады. Ата-анам, ағаларым көмектесіп тұр. Балаларыммен бірге пәтер жалдап тұрамын. Үлкені төрт жаста, одан кейінгісі 2 жаста, кішісі төрт айлық», — дейді келіншек жолдасының өзінен 8 жас үлкен екенін айтып.

«Бірде автобусқа отырғанымда үлкен кісі «террористің қатыны» деп соңымнан қалмайды. «Мен маңдайымда террористің қатыны деген жазу бар ма?» десем де апа болмады. «Апа өзіңізді дұрыстап алыңызшы» деп кетіп қалдым. Сондай адамдар көп. Хиджап киіп жүрген қыздарды қарғап, ауыздарына келгенді айтып жатады», — дейді Жаңагүл.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz