newstaraz.kz

 
 

Ақтөбе облысында ішімдікке тойып алған ер адам Шығанақ Берсиевтің ескерткішін қиратты


pogudx45a2gut83jg.63792517
  01.06.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбе облысында ішімдікке сылқия тойған ер адам Шығанақ Берсиевтің ескерткішіне мінген. Мұнысымен қоймай, ақ тарының атасына қойылған тас мүсіннің оң жақ қолын, бас киімі мен тұғырын сындырыпты.

Бұл туралы Керек-info порталы хабарлайды.

Оқиға жетінші мамырда Ойылда болған. Мейрам күні ішімдік ішкен жігіт ауыл клубының алдында тұрған Шығанақ Берсиевтің ескерткішіне мінген. Бұл аз болғандай, мүсіннің оң жақ қолын, бас киімінің алдыңғы жағын және ескерткіш орнатылған тасты бүлдірген.

Ойыл ауданының соты 22 жастағы жігітке Қылмыстық Кодекстің вандализм бабы бойынша айып тақты. Сот отырысы кезінде ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы жұмыс істемейді.

Сот үкімімен ол енді 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегіледі. Бұған қоса коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының пайдасына 200 мың теңге төледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz