newstaraz.kz

 
 

АҚШ-та алғашқы жұмысын даяшыдан бастаған қазақ жігіті қазір танымал полицейге айналды


pogudx4h75l2ok11r.fc69d652
  24.02.2016 NewsTaraz.kz.

Қарапайым қазақ баласы және оның ерлігі жайлы Америка жұршылығы өткен жылы естіп, жергілікті басылымның жұлдызына айналған еді.

Данияр Нұртаза жұмыс бабымен жүріп, Нью-Йорктегі метрода толғағы қысқан әйелді өзі босандырып алған.

Алайда полицей бұл істі атақ үшін емес, өзінің абыройлы міндеті екенін алға тартады. Көпшіліктің құрметіне бөленіп, Нью-Йорк қаласының құрметті полицейі болуы үшін Данияр қандай қиыншылықтарды басынан өткерді? Еsquire.kz отандық басылымы арнайы АҚШ-қа аттанып, мұхиттың арғы жағында қызметін абыроймен атқарып жүрген полицеймен сұхбаттасып қайтты.

Данияр Нұртаза Алматы қаласының тумасы. 2002 жылы жанұясымен бірге АҚШ-қа көшіп келген. Ондағы мақсаттары Даниярдың інісі Колумбиялық университетте оқуға шешім қабылданған соң, балаларының өміріне алаңдаған ата-ана ұлдарымен бірге Америкаға баруға бел буған.

«Бауырымды Америкаға жалғыз жібергім келген жоқ. Ал, әке-шешеміз екеумізден бірден ажырағылары келмеді. Біз Алматыдағы 3 бөлмелі пәтерде тұрдық, мен жергілікті жоғарғы оқу орнында 3-курс студенті едім. Бауырым үшін оқуды тастап, отбасымызбен Америкаға көшіп келдік», — дейді Данияр.

Қаржылық қиындық көрген отбасысын асырау үшін Данияр алғашқыда видео таспаларды жалға беру, көліктерді тұраққа қою, даяшы сынды жұмыстар жасаған. Бос уақытында ағылшын тілін үйренгенін айтады. Қазақстанда неміс тілінде оқыған жігіт үшін ағылшын тілінде сөйлеу оңайға түспепті. Тіпті, ол аты мен жасын сұрағандарға жауап қайтара алмаған сәтте болды дейді.

«Біз мұнда отбасымызбен бірге 2 бөлмелі пәтерді жалдап тұрдық. Тұратын ауданымыз сәл қауіптілеу еді. Көшеде бұзақылар күш көрсетіп, ақша талап ететін. Мен ешкімге тиын берген емеспін. Бәрінен бұрын ата-анамызға ауыр болды. Анам күн сайын жұмыстан жылап келетін. Себебі, тіл білмедік, жөнді жұмыс та жоқ. Әкем Қазақстанда басшы қызметін атқарса, Америкада қандай жұмыс бар соның барлығын жасады. Алғаш келген жылы Қазақстаннан бізден басқа 1 отбасы болған. Олар қиындыққа шыдамай көшіп кетті. Ал, біз төзімділік танытып, шыдап білдік», — дейді қазақ полицей.

Білім қуған Даниярдың інісі де отбасының үмітін ақтап, университетті жақсы тәмәмдаған. Қазір ол жергілікті беделді банктің бірінде қаржы сарапшысы қызметін атқарады. Ал кешке қарай танымал 2 университетте студенттерге: статистика, математика, микроэкономикадан дәріс беретін профессор.

Отанынан алыстаған отбасы араға 5 жыл салып, туған жерлерін көріп қайтыпты. Жырақта жүріп елді сағынған жанұя мүшелері мінген ұшақ Астана қаласына қонған сәтте көзімізден жас ақты деп еске алады. Кіндік қаны тамған жердің ыстығы жүректен кетпесе де олардың отанына оралуға ойлары жоқ. Себебі, жылдар бойы қиындықпен жеткен жетістіктерін қол үзгілері келмейді.

«Анам күн сайын елге барып келгісі келетінін айтып, сағынып отырады. Алайда денсаулығына байланысты сәл қиындық болып тұр. Ал, әкем Қазақстанға жиі барып тұрады. Қазір мен де, інім де сүйікті кәсібімізбен айналысамыз. Біз үшін әріптестер ол бірге туған бауырдай»,- дейді Данияр.

Америкада халық полицейді құтқарушы, дос деп қабылдайды

Даниярдың сөзінше, Америкада полиция қызметіне екінің бірін ала бермейді. Ең бірінше ол азаматтың бұрын-соңды істі болмағаны, сондай-ақ физикалық және психологиялық тұрғыдан шыдамдылығын тексереді екен. Шындап келген де 1 полицейдің орнына орта есеппен 15-тен астам азамат үміткер. Сол ерекше қызмет Даниярға бұйырғанын.

АҚШ-та алғашқы жұмысын даяшыдан бастаған қазақ жігіті қазір танымал полицейге айналдыФото: esquire.kz

«2008 жылдары Америкадан жүрілген көліктерді Қазақстанға жіберіп шағын бизнес жасадым. Табысы да жақсы еді. Алайда, ақша мен үшін маңызды болмады. Жүрегім әлде нені қалап, өзімнің өмірдегі орнымды тапқым келді. Осылайша, Нью-Йорктегі полиция академиясына құжат тапсырдым. Жұмыс үшін арықтап, күн сайын шақырымдап жүгірдім. Америкада полицейлердің жалақысы жоғары емес. Бұл жұмысқа көбінесе соғыс ардагерлері, бұрыңғы әскери қызметкерлер секілді тәртіп мен қоғамның қауіпсіздігі үшін жанын қиюға даяр азаматтар барады. Олар үшін көп ақша алғаннан гөрі полицей атану әлдеқайда абырой болып саналады. Бар ықыластары қайтсем халыққа көмектесу, қиыншылыққа тап болған азаматқа қол ұшын беру. Нью-Йорктегі полиция департаментінде 35 000 тәртіп сақшысы бар. Олар бір-бірін әріптес деп емес, бірге туған бауырым деп санайды».

Метрода әйел босандыру

«Кезекшілік кезінде метрода жүргем. Рацияға «бекеттің маңында әйел босанып жатыр» деген дабыл келіп түсті. Мен айтылған орынға қарай жүгіріп келе жатып, жолдан фельдшерді көрдім. Ол да босанғалы жатқан әйелге көмекке бара жатыпты. Расында да жергілікті тұрғын перзентханаға жете алмай, толғағы басталып кетіпті. Біз жеткен сәтте бала туылайын деп жатыр екен. Полиция академиясында оқығанда бізге әйелді қалай босандыру әдісін үйреткен болатын. Осы сабақты есіме түсіріп, фельдшерге көмектестім. Небары 2 минуттың ішінде балпанақтай бала өмірге келді. Фельдшер де, мен де таң қалып, шошып кеттік. Себебі, екеуміздің тәжірибемізде бұрын-соңды мұндай болмаған еді. Барлығы бізді ерлік жасадыңдар деп мақтап кетті, алайда мен үішн бұл ерлік емес, міндетті жұмысым ғана», — дейді қандасымыз.

Даниярдың сөзінше, америкалық полицейлер ешқашан пара алмайды, қылмыскерді құрықтау кезінде де оның конституциялық құқығын таптамай, барлығына заң жүзінде қарайды. Сол үшін да халықтың сеніміне ие. Кез-келген адам қиындыққа тап болған сәтте ең бірінші тәртіп сақшыларының қасынан табылуды қалайды екен.

Мен қазақпын

«Мен қазақпын, қазақ болып туғаныма мақтанамын. Балаларыма да өз ұлты қазақ екенін естен шығармауға үйретемін. Қазақстаннан жырақта жүрсем де мен үшін туған жер ыстық»,- дейді Данияр Нұртаза.


(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz