newstaraz.kz

 
 

Ақмолалық кәсіпкер өз иелігіндегі ғимаратты 32 млн теңгеге жөндеп, ауылдық әкімдікке берді


Ақмолалық кәсіпкер өз иелігіндегі ғимаратты 32 млн теңгеге жөндеп, ауылдық әкімдікке берді
  03.05.2016 NewsTaraz.kz.

Ақмола облысында кәсіпкерлер ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысуда деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, Шортанды ауданына қарасты Дамса ауылындағы егін шаруашылығымен айналысатын серіктестік өз иелігіндегі екі қабатты ғимаратты 32 млн теңгеге жөндеп, оны ауылдық әкімдікке берген. Кәсіпкер берген ғимаратта қазір жергілікті полиция бөлімшесі, кітапхана, мұрағат, дәрігерлік амбулатория секілді бірнеше әлеуметтік мекеме жайғасқан.

Жаңа ғимараттың жақсылығын әсіресе басы ауырып, балтыры сыздаған ауыл тұрғындары көріп отыр. Себебі, бұрын елді мекеннің медициналық қосыны өте ескі және тар ғимаратта орналасқан екен.

«Бұл ғимаратта бізге өте жайлы. Әр дәрігердің өз кабинеті бар. Күндізгі стационарға да кісілерді қабылдауға мүмкіндік алып отырмыз. Елді мекендегі 2 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеміз. Күніне шамамен 30 адам қаралады. Оларға да өте ыңғайлы. Ауылдағы қарттар үйі де бизнес өкілдерінің қамқорлығын көріп отыр. Жергілікті кәсіпкер ғимаратқа 44 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нысанға жаңа бөлмелер қосып беріпті. Қазір мұнда 40 шақты қария тұрады», — дейді әлеуметтік қызметкер Мақпал Ахмағанбетова.

Кәсіпкер бұның барлығын ел игілік үшін жасалып жатқанын атап өтті.

«Елдің жағдайы ғой. Елге неге көмектеспеске? Жағдай болып тұрса, көмектесуге болады халыққа. Алдымызда тағы жоспарларымыз бар осы ауылға монша салу деген. Мүмкіндігіміз болса, бидайымыз болса, неге салмасқа? Ел осы рахатқа батсын деп, қызығын көрсін деп отырмыз», — дейді серіктестік директорының орынбасары Болатбек Асылбеков.

Бизнес өкілдері мұнымен шектеліп қалмақ емес. Шама-шарқылары келгенше ауылдың ішкі жолдарын да біртіндеп жөндеуді қолға алмақшы.




(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz