newstaraz.kz

 
 

Ақмола облысында боранда жолда қалған адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда


2016031810520368693_2q
  18.03.2016 NewsTaraz.kz.

Құтқару жұмыстарына «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамынан 30 адам және 11 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

 

 

Ақмола облысында соңғы бір тәуліктің ішінде 105 адам және 36 көлік қар құрсауынан шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бірыңғай кезекші диспечерлік қызметі басқармасының басшысы Айвар Бұлқайыровтың берген мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Оның айтуына қарағанда, өткен сәрсенбі күні облыс бойынша боранда жолға шыққан ­ 104 адам (оның 11 балалар) және 34 көлік­ қар құрсауынан құтқарылды. Нақтырақ айтсақ, Жақсы ауданында 9 көлік пен 32 жолаушы, Атбасар ауданында 7 көлік пен 28 жолаушы Бурабай ауданында 28 көлік пен 54 жолаушы шығарылған. Құтқару жұмыстарына «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамынан 30 адам және 11 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Кеше 17 наурыз күні құтқарушылар тағы 105 адам мен 36 техниканы қардан аршып алды.

«Көріну нашарлығына байланысты, қиын жағдайлар болғаны рас. Жолда қалған адамдардың барлығы төтенше жағдайлар қызметінің бұқаралық ақпарат құралдары және ұялы байланыс операторлары арқылы хабарланған ескертулерге құлақ аспағандар. Дегенмен, шұғыл қызметтер тиісті деңгейде көмек қолын созып, жолда қалған адамдар мен көліктерді құтқарып, дер кезінде көмек көрсетіп отыр», — деді Айвар Бұлқайыров.

Осы күндері дүлей боран Жақсы аудандық әскери комиссариатының 70 шаршы метр шатырын да жұлып түсірген. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Аслан Оспанов

Фото:thenews.kz

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz