newstaraz.kz

 
 

7-сыныптың оқулығында жүрген Сабина Алтынбекова желі қолданушысын таңырқатты (фото)


pogudx6b30er1cgdj.ab12db8b
  21.09.2016 NewsTaraz.kz.
ФОТО: INFORM.KZ

Қазақстандағы спортшы қыздардың арасында елге кеңінен танылған Сабина Алтынбекованың суреті 7-сыныпқа арналған орыс тілі кітабының ішінде жүр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дина Ибраева есімді азаматша әлеуметтік желідегі жеке парақшасына оқулықтың бетін суретке түсіріп салған. Оның айтуынша, кітап «Атамұра» баспасынан шыққан.

«7-сыныпта оқитын жиенімнің орыс тілі кітабында Сабина Алтынбекованың суреті жүр. «Сұлулық, аниме, фолловер, инстаграм… Қазіргі орыс тілінің оқулығы осындай сөздермен толығыпты», — деп жазған Дина Ибраева.

СКРИНШОТ АВТОРЫ: ДИНА ИБРАЕВА

ФОТО: INFORM.KZ

Айта кетейік, волейболдан 17-ші Азия чемпионаты өтіп жатқан кезде Қытайдың БАҚ-тары Сабина Алтынбекованың сұлулығын жарыса жазған еді. Осылайша, қазақ қызы әлемдегі ең сұлу спортшылардың рейтингісіне енді.

Оның келбеті әсіресе шығыс және оңтүстік-шығыс халқын тамсандырды. Қазір Алтынбекованың Instagram парақшасында 608 мың тіркелуші бар.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz