newstaraz.kz

 
 

Түркістанның әкімі өз қаражатына 100 адамға қайырымдылық жасамақшы


pogudx3bddus1c1e8.56949a86
  24.06.2016 NewsTaraz.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев өз қаражатына 100 адамға арнап қайырымдылық жасайтын болды.

Бұл туралы шаһар әкімі қасиетті Рамазан айында жергілікті тұрғындарға жасалып жатқан қайырымдылық шаралардың бірінде айтты деп хабарлайды NUR.KZ-тің аймақтағы тілшісі.

Қала әкімі Өсербаев бір топ тұрғынды қабылдап, демеушілер есебінен азық-түлік үлестірді. Яғни, күнделікті тұрмысқа қажетті ас майы, ет, қант секілді қажеттіліктер салынған арнайы сөмкелер әлеуметтік жағдайы төмен жандарға табыс етілді.

Жергілікті биліктің айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары мұнымен тоқтап қалмайды. Мәселен, айлардың сұлтаны басталғалы бері 250-ге тарта түркістандық қайырымды жандардың шарапатына ие болып үлгерген.

Сондай-ақ қала басшысы өз қаражатына 100 азаматқа қолдау көрсетпек ниетте. Яғни, бұл игі ісін әкім өз отбасының атынан қолға алатын болды. Мақсат — әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға аз да болса қуаныш сыйлау.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz