newstaraz.kz

 
 

Биыл Алматыда 30 мың жаңа жұмыс орны ашылады


2016031514584054801_zhymys
  15.03.2016 NewsTaraz.kz.

Алматының 2020 даму бағдарламасының «Жайлы қала» тармағына 2 млрд 600 млн теңге қарастырылып отыр. Соның арқасында 15 жоба ашылып, 415 адам жұмыспен қамтылмақ.

 

 

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін азайтып, қызмет орындарын арттыру үшін 137 миллион доллар бөлінеді. Еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, «Жұмыспен қамту» жобасын қолға алмақ. Бұл өз кезегінде екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтардың санын қысқартып, тіпті кәсіби білім алуына мүмкіндік береді. Алматыдағы ахуал да жақсы. Биыл алып қалада 30 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Экономиканың қиын-қыстау кезеңіне қарамастан, әлеуметтің әлеуетін арттыру, қосымша жұмыс орындарын ашу — басты назарда. Алматы әкімдігінің көздегені де осы. Мәселен, биыл алып шаһарда құрылыс саласы бойынша 164 жоба жүзеге асады. Соның арқасында 30 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Тіркеуде тұрған 3 мыңға тарта азамат толықтай жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, мәслихаттың 51-ші сессиясында Алматының бюджетін оңтайландыру дың арқасында 4300 жұмыс орны құрылатыны мәлім болды. Әсіресе, құрылыс саласында бос орындар көбеймек.

«Құрылыс саласына 5 млрд 425 млн теңге бөлінеді. Бұл өз кезегінде 2033 қосымша жұмыс орнын ашуға сеп болады. Бостандық ауданындағы «Сұңқар» тау-шаңғы кешенінің сыртын жарықтандыру жұмыстарына 177 млрд 6 млн теңге қарастырылып отыр. Соның арқасында 35 жұмыс орны пайда болады»,- деді Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.

Сонымен қатар, Алматының 2020 даму бағдарламасының «Жайлы қала» тармағына 2 млрд 600 млн теңге қарастырылып отыр. Соның арқасында 15 жоба ашылып, 415 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал, биылғы жоспарда жалпы саны 23 мың 413 адамды еңбекпен қамту көзделуде. Дағдарысқа қарамастан, жұмысшыларды қысқартпау туралы қаладағы мекемелердің басшыларымен де келіссөздер жүргізілген. Соның нәтижесінде 351 мыңнан астам адам еңбек орнын сақтап қалған.

«Ағымдағы жылдың жоспары бойынша 385 адам республикалық бюджеттен, 800 адам жергілікті бюджеттен кәсіби даярлау курстарына жіберіп, олар кәсіби білім алып, өз біліктіліктерін жоғарлатып, ары қарай тұрақты жұмысқа жіберу жоспарланып отыр. Өткен жылы 2139 адам жұмыссыздар есебінде тіркеуде болса, биыл қаңтар айының өзінде 636 адам тіркеліп, біздің көмегімізге жүгініп отыр»,- деді Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Шахаризада Ақбергенова.

Бір қызығы, қалада кейбір мамандықтар аса тапшы. Мәселен, дәрігерлер мен мұғалімдер және құрылысшыларға сұраныс жоғары. Инженерлер де қат. Сондай-ақ сатушылар мен кассирлер де жетіспейді екен. Осыған орай Жұмыспен қамту орталығы биыл бірнеше бос жұмыс орны жәрмеңкелерін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айдана Мейрамбайқызы, Ялкунжан Әшімжанов

Фото: kostanaytany.kz

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz