newstaraz.kz

 
 

250 мың теңге жалақы алса да, жұмысқа келмейтін шенеунік қызметінен кетті


pogudx67avsnfv9j8.4d7fede8
  27.03.2016 NewsTaraz.kz.

Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Дәуренбек Дәрібаев қызметінен босатылды.

Ол жұмысқа мүлдем келмей қойған деп хабарлайды Керек-инфо.

Бірақ жұмыс орнында болмаса да, сол күндерге толық жалақысын алып отырған. Бұл туралы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында белгілі болды.

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы 25 наурыз күні өтті. Онда Әдеп кодексінің нормаларын бұзған мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тәртіптік іс қаралды. Солардың бірі- Шалқар аудандық аумақтық инспекцияның басшысы Дәуренбек Дәрібаев.

Тексеру барысында Дәуренбек Дәрібаевтың еңбек тәртібін сақтамайтындығы анықталған. Ол осы жылдың қаңтар айынан бастап жұмысқа жүйелі түрде келмеген. «Денсаулығыма байланысты демалыстамын» , енді бірде «сайлау учаскесінде кезекшіліктемін» деп жалған ақпарат берген.

Алайда, оның кезекшілікте болмағандығы әшкереленді. Бірақ шенеунік жұмыста болмаған күндері үшін де толық жалақы алып отырған. Аудандық инспекцияның бас маманы Кенхан Ержанов «басшы жұмысқа тек қызметтік хатқа қол қою үшін келіп отырған» дейді.

«Облыстан қызметтік хат келеді. Соған қол қою үшін телефонына қоңырау шалып, шақырып аламыз. Соңғы кездері телефонын сөндіріп тастайтын болды. Шыны керек, шектен шығып кетті. Мекемеде үш адам жұмыс істейміз. Басшымыз ешқашан орнында болмайды. Қалада жүр деп естиміз» ,- дейді бас маман Кенхан Ержанов.

Басшының бұл қылығын облыстық аумақтық инспекциясының заңгері де растады. Басшы орнында болмағандықтан, хат жолдау мүмкін болмаған.

Дәуренбек Дәрібаев бұл қызметке 2013 жылы келген. Кеңесте шалқарлық шенеуніктің жалақысы 252 мың теңге екені де белгілі болды. Енді ол жұмысқа бармаған күндері үшін алған жалақысын мемлекетке қайтаруы тиіс.

Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Дәуренбек Дәрібаев қызметінен босатылды.


(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz