newstaraz.kz

 
 

22 жасында елудегі кәсіпкердің тоқалы атанған келіншек өз ісіне өкінбейтінін айтты


pogudx4s7724gne4c.ee3c5d71
  12.06.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбелік кәсіпкер Орынбай Жолмұратов үш әйел аламын деп армандамаған. 60 жастағы азамат қандай жағдайда үш әйелдің күйеуі атанғанын NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

«Бірінші әйеліммен жастайымнан қосылдым. 32 жасымда екінші әйелім болды. Жастықпен жүргенімде ол әйел жүкті болып қалды. Айқай-шу шықпас үшін оны әйелімнің өзі үйге ертіп алып келді. 23 жылдай бірге тұрдық. Ауладағы екі үйде біреуі шешемнің қолында, екіншісі өзіммен бірге тұрды. Елу жасымда үшінші әйел алдым. Ол кезде бұл қыз менде есепші болып істеп жүрген. Ісім оңбай, қарызға батып, ауылға қайтқан кезім еді. Бұл кісі менің қиналған кезімнің бәрін көрді. Қолдау танытты, қосылуға қарсылық білдірмейтінін айтты», — дейді Орынбай Жолмұратов.

Кәсіпкер бала кезінен танитын әйелінің ағасының қызын үшінші әйел қылып алған.

«Мен үшінші әйелімді бала кезінен танимын. Оған қосылғанымда бірінші әйелім «Менің сіңілім ғой» деп шамалы ренжіді. Кейін араласып кетті. Ол ауызынан сыр шығармай түсінетін нар адам. Екінші әйеліммен екі-үш жылдан бері дұрыс қатынаспай жүрмін. Салеміміз түзу, сұрағанын беріп тұрамын. Ондағы қызым тұрмысқа шығып кетті», — дейді ол.

Үш әйелге отағасы болып отырған азамат бес баланың әкесі. Бірінші әйелінен екі бала, екінші әйелінен бір қыз, үшінші әйелден бір ұл, бір қызы бар.

«Әйелдерім шатысып көрген емес. Шалқайып үйінде жатқан ешқайсысы жоқ. Әркім өз шаруасында жүр. Қазір бір әйелдің өзімен тұра алмай жатқандар бар. Оның бәрі кешіре білмегеннің кесірі. Егер шынымды айтсам, үлкен әйелімнің менен бес алты рет айрылып кететін уақыты болды. Жасыратыны жоқ, бәрі білетін зат» — дейді үш әйелі бар азамат.

Отбасы жылқы өсіріп, қымыз сатады. Кіші әйелі сауылған қымызды ауылдан дайындап береді. Қалада тұратын үлкен әйелі оны сатып, үлкен отбасының қажеттілігіне ұқсатып отыр.

«Бәйбішемнің қолдауы көп. Әйел болып өсек айтқан емес. Шүкір,  барлық балам қарасып тұрады. Мен негізі журналистерге әйелдерім туралы айтамын деп ойламап едім. Мақтаншақ адаммын, қымыз жасап отырған кәсібімді айтқанда, мақтанамын деп әйелдерімді де айтып жібергенмін», — дейді отағасы бар құпиясын Қазақстанға жайып алғанына күліп.

Орынбай Жолмұратов енді үйленбейтінін айтты. Заңды некеде тек үлкен әйелімен. Қалғандарын да заңдастырғысы келгенімен, Қазақстанда екінші әйелді заңдастыруға рұқсат жоқ.

«Енді үйленетін ойым жоқ. Осы балаларым мен әйелдерім қаңғып қалмайтындай жағдай жасап кеткім келеді. Кіші әйелімнің де жылап қалғанын қаламаймын. Жайнагүл 53 жасымда ұл туып берді, кіші қызым туылғанда 59 жаста болдым. Мен өзімді бір бай адаммын деп ойламаймын. Тек ешкімге күнім қарап отырған жоқ. Алқан жаймай, өз нанымды тауып отырмын» ,- дейді Орынбай Жолмұратов.

Екі әйелі бар 50 жастағы азаматқа үшінші әйелдікке 22 жасында тұрмысқа шыққан Жайнагүл өміріне еш өкінбейтінін айтып берді.

«Мен бұл кісіні ес білгелі танимын. Бұл кісі сол кезде қатты ауырды. «Соның бәріне қалай шыдадың?» деп қазір айтады. Мүмкін, мені сол үшін де сыйлайтын шығар. Қиналған кездерім де аз болған жоқ. Әсіресе, ата-анам, ағаларым «қайтып алып кетеміз» деп алдыма тізерлеп тұрды», — дейді Жайнагүл.

Қайтар алдында енесін бағып, батасын алған кіші келіні қоғамның талқылауына түскен әңгіме отбасы берекетін бұзбаса екен дейді.

«Енем керемет жан болды. Ешқандай артық сөзін естіген емеспін. Ол кісі үлкен келіндерін ренжітпес үшін бізге көп келе бермейтін еді. Бізге келгенде ол жақтағы немерелерін аңсап тұратын»,- деген Жайнагүл «тоқал» деген сөздің құлағына дөрекі естілетінін айтады.

Ол ұят болатынын айтып, өзі суретке түсуден бас тартты.

«Адамды қолдайтын ана. Менің бұл таңдауым, әрине, анамды ренжітті. Мен келгеннен кейін қайтам деп ойлаған жоқпын. Ол үшін өкінбеймін де», -дейді үшінші келіншек.

(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz