newstaraz.kz

 
 

1 шілдеден бастап қытайлық туристер Қазақстанға ағыла бастайды


С июля начнутся групповые поездки китайских туристов в Казахстан
  26.04.2016 NewsTaraz.kz.

1 шілдеден бастап қытайлық туристер тобы «Қазақстандағы Қытай туризмі жылы» аясында Қазақстанға келуді бастайды.

Бұл туралы Қазақстанның инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды.

«Қытай тарапы 2016 жылдың 1 шілдесін Қазақстанда қытай туристік топтарының топтық саяхаттарын ұйымдастырудың ресми басталған күні деп белгілеуді ұсынды. Қазақстанға бірінші қытай туристік топтары Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арқылы келуді жоспарлап отыр», — делінген дүйсенбідегі хабарда.

Бүгінгі таңда Қытай жағы Қазақстанға Қытай туристік топтарын жасақтайтын жауапты қытай туроператорларының тізімін жіберді.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 20 мамырында Қазақстанның Қытайдағы елшілігі ҚР ИДМ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Қазақстан мен Қытайдың ірі туристік операторлары өкілдерінің қатысуымен роуд-шоу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Кездесудің тақырыбы — Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығы, меморандум аясында Қазақстанға қытай туристік топтарының саяхатын ұйымдастыру, қытай туристерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы және «Қытайдың Қазақстандағы туризм жылын» өткізу», — делінген баспасөз парақшасында.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz